Қарағанды облысында төртінші күн электр станциясы салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа күн электр станциясы Жезқазған маңындағы Кеңгір ауылында пайда болады. Құрылыс жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде 29 300 күн панельдерінің 5200-і орнатылған. Жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда, станцияның ашылуы 22 желтоқсанға белгіленген.
Оның қуаттылығы 10 МВт тең. Құрылыс жұмыстарына 74 адам жұмылдырылған. Жұмыстар аяқталған соң станцияда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
"Болашақта күн электр станцияларының көбеюімен біз тарифтер бағасын төмендете аламыз. Бұл өте қымбат технология, сондықтан электр энергиясының өзі арзан емес. Алайда күн электр станцияларының саны артса, бұл бағалардың төмендеуіне ықпал етеді", - деп түсіндірді аппараттық жиында энергетика және ТҮКШ басқармасының жетекшісі Ұлантай Үсенов.
Бүгінде облыста үш күн электр станциялары жұмыс жасайды, олар: Саранда, Ақтоғай ауданының Гүлшат ауылында және Шет ауданының Ақадыр ауылында. Олардың жалпы қуаттылығы - 190 МВт. Олар өндіретін барлық электр қуаты тұтынушыларға еш әсерін тигізбеуде. Алайда, заманауи күн электр станцияларының көбеюімен бұл жағдай өзгеруі мүмкін.
Жаңа энергия көздерінің іске қосылуымен жыл басынан бері облыста 147,1 млн кВт/сағат қуат өндірілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 190 млн кВт/сағатты құрайды.
Күн электр станцияларын ашу арқылы облысқа 94 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, 58 жаңа жұмыс орындары құрылды.