Кумбре-Вьеха жанартауы атқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кумбре-Вьеха жанартауының белсенділігі артып барады. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.
Канар аралдарындағы Кумбре-Вьеха жанартауының сейсмикалық белсенділігі күн өткен сайын артып барады.
Одан атқылаған лава Ла-Пальмадағы тағы бірнеше үйді күлге айналдырды. Аймақта жерасты дүмпулер де толастамай тұр.
Естеріңізге салайық, жанартау қыркүйектің 19-ы оянған. Табиғаттың тосын мінезі 800-ден астам ғимаратты қиратты. 6 мыңнан астам адам өзге жерге эвакуацияланды.
Ыстық лава ауылшаруашылыққа арналған 150 гектар алқапты да тып-типыл етті. Жергілікті билік аралды апатты аймақ деп жариялады. Ғалымдар болса жанартау 3 ай бойы атқылауы мүмкін деп болжап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елде 7,8 млн-нан астам адам вакцина салдырды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы