Құмар Ақсақалов Петропавлдың атауын өзгерту туралы: Мұны қоғам шешеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі сенбі күні «Астана ТВ» телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді. Онда өңірдегі құрылыс, инвестициялар және облыс орталығының атауы өзгере ме жоқ па деген сауалға да жауап берді. Бұл туралы Петропавловск.news хабарлады.
Құмар Ақсақалов сұхбат барысында «Из первых уст» бағдарламасының тілшісі қойған кейбір сұрақтарға нақты жауап бермеді. Тіпті Петропавлдың атын өзгерту туралы сұраққа нақты жауап айтпады.
Бұл мәселе әзірше күн тәртібінде тұрған жоқ, бұл кулуарда талқылануда. Мен халықтың ұстанымын қолдаймын. Көшелердің атын (Ескерту- әкім қала дегісі келген болар) бір адам өзгертпейді, оны қоғам шешеді, - деп түсіндірді әкім.2018 жылы Петропавл атауын өзгерту туралы Құмар Ақсақалов былай деген еді.
Мен Петропавл мен облыстың атауын өзгерту туралы әңгімелерді жиі естимін, көпшілік бұл туралы айтып та жүр. Мен барлығын естіп-біліп отырмын. Бірақ бүгінгі таңда қаланың атауын өзгерту жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ, менің ойымша, бұған әлі ерте, - деп жауап берген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Батыс Қазақстанда шенеуніктер таксимен жүретін болды
Келесі жаңалық
Сенат алдағы отырыстың күн тәртібін бекітті
Өзгелердің жаңалығы