Күмәнға орын да, уақыт та жоқ - Саясат Нұрбек
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында алға қойылған міндеттерді орындау қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр өз баяндамасында Президенттің сайлауалды платформасына тоқтала кетті.
Президент 7 жылға сайланды. Алдымызда 7 жылғы үлкен жоспарлар тұр. Күмәнға орын да, уақыт та жоқ. Бәріміз бірігіп, берілген тапсырмаларды жүзеге асыруға атсалысуымыз керек, - деді Саясат Нұрбек.
Ведомство басшысы атағандай, Мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламасында бірқатар тапсырма берді.
Алдымен жоғары оқу орнының басшыларына бәріміз бір команда болып, тапсырмаларды сапалы орындауға күш салу керегін айтқым келеді. Күмәнға, ойынға уақыт жоқ. Алдымызға нақты міндеттер қойылды. Конституцияға өзгерістер енгізілді. Сайлау өтті. Президент сайланды. Президенттің тапсырмасын сапалы орындау үшін 7 жыл жұмыс істеу керек, - дейді ол жиында.
Алқа отырысына Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов, Президент Әкімшілігінің және Парламент өкілдері, ЖОО ректорлары, ҒЗИ және ХӘҰ ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, студенттер қатысып жатыр.