Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысына 57 ғалым тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы брифингі барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, министрлік қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына енгізілді.
Біздің мұндағы басты міндетіміз ғылыми әлеуетімізді пайдаланып, ғалымдарымызды зерттеу жұмыстарына тарту. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жетекші академиктер, ғылыми-зерттеу институттардың қызметкерлері мен ғалымдары осы іске жұмылдырылды. Жұмыс топтарын 11бағыт бойынша ұйымдастырдық. Осы топтарда біздің 57 ғалымымыз жұмыс істейтін болады. Олар ұзақ жылдар бойы осы мәселемен айналысып, оны көтеріп жүрген жандар, - деді министр.
Ғалымдарға комиссия құрамында жұмыс істеу үшін тиісті жағдай жасалып отыр. Министрдің айтуынша, университеттерде жұмыс істейтін ғалымдарды өзге жұмыстардан босатып, тек осы мәселемен айналысуына мүмкіндік берілген.
Аймақтарда да жұмыс топтары құрылды. Ондағы комиссияларға облыс әкімдерінің орынбасарлары, депутаттар, өлкетанушылар, қоғам белсенділері тартылды. Өздеріңіз білесіздер, біздің негізгі ғылыми потенциалымыз Алматы қаласында шоғырланған. Сондықтан онда да мемлекеттік комиссияның арнайы бөлімі ашылып, онда да жұмыс ұйымдастырылып жатыр, - деді Аймағамбетов.
Оның айтуынша, ғалымдар ақтау жұмыстарына қажетті зерттеудің әдестемесін де әзірлеген.
Бұл жұмысты бастамас бұрын әдістемелек мәселелерді де анықтап алу маңызды. Біздің ғалымдар зерттелуі тиіс проблемалардың критерийлерін анықтады, соның негізінде анықтамалар мен брошюлар жасалды. Зерттеу жұмыстары нақты мұрғаттық мәліметтер негізінде жүргізілу керек. Осы орайда ғылымдардың мұрағат материалдарына қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынып, рұқсат қағаздары берілді. Комиссия мүшесі ретінде министрлік құзіретіндегі міндеттер орындалды, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы