29 Қаңтар 2021 2021, 11:15
«Құдайдың ісі» дейді. Нұртөре Жүсіп адал қызмет атқармайтындарды сынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында айтты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында айтты.
Біздің қазақта «Ердің құны -100 жылқы, ардың құны – 1000 жылқы» деген сөз бар. Арсыздық сатқындықпен бірдей. Ол өзіңнің жан дүниеңді сатқанмен бірдей нәрсе. Біреу тендер алады, ол жол салады. Сол жолда өзінің баласы қайтыс болады. Оны өзінен емес, Құдайдан көреді. «Құдайдың ісі» дейді. Өзінің адал қызмет атқармағандығынан, жолдың қаражатын жеп қойғанынан көрмейді, - деді ол.
Депутат қазіргі ұрпақ ата-бабаның жолын жалғастыратын таза әрі адал болуы керек екенін айтты.
Біз осы мемлекеттік аманат ретінде қалдырса, оны әрі қарай дамытатын жаны, ары таза ұрпақ қалыптастыруымыз керек. Қазіргі ұрпақтың қолында көп нәрсе тұр. Жиынның маңызы өте жоғары. Жыл сайын біз парасаттылық, адалдық және ардың өлшемі ұғымынан қарасақ, қоғам әлдеқайда таза болады, - деді Нұртөре Жүсіп.
Айта кетейік, алқа отырысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020 жылдың қорытындысы баяндалды.
- АҚШ Бейбітшілік Кеңесінде Газаны қалпына келтіру жоспарын ұсынады 05:18
- Обама қаулысы күшін жойды: Трамп климат саясатын өзгертті 04:27
- Атырауда блогерді ұрған екі әйелге үкім шықты 03:40
- Қар, көктайғақ, тұман: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды 02:34
- Еурокомиссия ғимараттарында тінту жүргізілді 01:29
- АҚШ Ирандағы демонстранттарға Starlink терминалдарын жеткізген 00:30
- Ақтауда полицей қаза тапқан жол апатына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды 12.02.2026