Кубаньда ұшақ апатқа ұшырады

Кубаньда жауынгерлік оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ Анадолы сайтына сілтеме жасап. 

Экипаждағы бір адам қаза тапты. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Оқиға 14 тамыз күні Краснодар өлкесінде болды. 

Ведомствоның хабарлауынша, Л-39 оқу-жаттығу ұшағы қонуға сәл қалғанда апатқа ұшыраған. Әуе көлігі аэродромға құлап, экипаждың бір мүшесі қайтыс болды. Басқа ешкім зардап шекпеген. 

Қазір оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Назерке Өтеген

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы