Кеше 2026, 21:50
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Екі дүркін әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылдың желтоқсанына дейін дисквалификация мерзімін өтеп жатыр.
Кубалық кәсіпқой боксшы, әуесқойлар арасында екі дүркін әлем чемпионы Йоэнлис Эрнандес орта салмақтағы әлем чемпиондарымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кәсіпқой рингте тоғыз кездесуінің барлығында жеңіске жеткен Эрнандес бұл туралы Fight Hype YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.
Ол алдағы қарсыластары қатарында WBA чемпионы Эрисланди Лараны, WBC чемпионы Карлос Адаместі және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлыны көргісі келетінін жеткізді. Сондай-ақ IBF белбеуі иесі анықталғаннан кейін сол боксшымен де жұдырықтасуға дайын екенін айтты.
Біз кез келген чемпионмен, соның ішінде Әлімханұлымен де жекпе-жек өткізуге дайынбыз, - деді кубалық спортшы.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылдың желтоқсанына дейін дисквалификация мерзімін өтеп жатыр. Соның салдарынан ол IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды.