Кубада санкция салдарынан жанармай тапшылығы туындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кубаға осы апта соңына дейін жанармай тасымалы тоқтауы мүмкін, деп хабарлады 24.kz.

Бұған Америка салған санкциялар себеп болып отыр. Осыған байланысты ел билігі жанармай шығынын үнемдеу және оңтайлы үлестіру шараларын қабылдауға кірісті. Атап айтқанда, қоғамдық көлік жұмысын қайта ұйымдастыру мен жедел жәрдем көліктерін жанармаймен қамтамасыз ету қолға алынды. Сонымен қатар тұрғындарға аралдағы электр қуатымен жабдықтау жүйесі жұмысы тұралап қалуы мүмкін екені ескертілді. Мемлекеттік кеңес басшысы Мигель Диас-Канельдің айтуынша, аралдағы ахуал – АҚШ-тың Куба, Венесуэла мен Никарагуаға қарсы озбыр әрекетінің нәтижесі.

Естеріңізге сала кетейік, мамырдың басында АҚШ басшысы Дональд Трамп Гаванаға санкция салатынын айтып, сес көрсеткен еді. Сондай-ақ Венесуэла конституциясын бұзуға бағытталған әрекеттер доғарылмаса, толықтай эмбарго қоятынын жеткізген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы