+12

Кубада күшті жер сілкінісі болды

Кубада күшті жер сілкінісі болды

Бір апта толассыз соққан дауыл салдарынан Кубада магнитудасы 6,8 балды құраған күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

СBS News таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-тың геологиялық қызметі жер сілкінісінің ошағы Бартоломе Масоға жақын маңда орналасқанын айтты.

Табиғи апаттан соң бірқатар өңір тұрғындары электр жарығынсыз қалған.

Жер дүмпуі Кубаның бүкіл шығыс аймағына, Сантьяго-де-Куба сынды ірі қалаларға сезілген. Әзірге келтірілген зардап пен жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы