Куба Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Куба Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Оскар Сантана Леоннан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында А.Рахметуллин кубалық дипломатқа Қазақстандағы жұмыста сәттілік тілеп, О. Сантана Леонның қызметі Қазақстан мен Куба арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосатынына сенім білдірді.
Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, оның ішінде денсаулық сақтау, биотехнология, туризм салаларындағы әрекеттестік, сондай-ақ сауда-экономикалық қатынастардың даму әлеуеті мәселелерін талқылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Отандық екі биатлоншы Әлем кубогі кезеңінде сынға түседі
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы