Куба астанасы 500 жылдығын атап өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Куба астанасы Гавананың негізі қаланғанына 500 жыл толды, деп хабарлайды 24.kz. 

Мерекені тойлау үшін қалаға жүздеген қонақ келді. Олардың арасында ел президенті Мигель Диас-Канель, Францияның бұрынғы басшысы Франсуа Олланд пен Ресей Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко да бар.

Ұлттық Капитолий ғимаратында ұйымдастырылған гала-концерт 5 мыңға жуық адамның көңілін көтерді. Ал ел тұрғындары үшін көшеде арнайы экран орнатылып, ерекше шоу ұйымдастырылды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы