Куба АҚШ-пен қысымсыз диалогқа дайын екенін мәлімдеді
Куба кез келген тақырып бойынша АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге дайын, бірақ қысым болмауы керек. Бұл туралы республика президенті Мигель Диас-Канель мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Куба АҚШ-пен алдын-ала шарттарсыз, тең дәрежеде және егемендікті құрметтей отырып диалогқа дайын. Қысыммен келіссөз жүргізу мүмкін емес, – деді ол.
Президенттің айтуынша, мұндай қарым-қатынас көршілер арасында өркениетті байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Диас-Канель Кубаның АҚШ-қа қауіп төндірмейтінін және елдің әскери доктринасы тек қорғанысқа бағытталғанын атап өтті.
Бізде одақтастармен әскери ынтымақтастық бар, бірақ Кубада олардың базалары жоқ. Тек Гуантанамо провинциясында заңсыз американдық база бар, – деді президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Трамп ядролық қарусыздану жөніндегі жаңа келісімді қолдады
Өзгелердің жаңалығы