Қуат Хамитов «Боратты» масқаралаған адамға миллион доллар бермекші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Қуат Хамитов отандық телеарналардың біріне берге сұхбатында «Борат» образымен танылған актерді масқаралағандарға сыйақы беретінін айтты.
Ағылшын комигі Саша Барон Коэннің «Борат» есімді жасанды кейіпкері қазақстандықтардың ашуын тудырған еді. Себебі фильмде ол Қазақстан азаматы ретінде суреттеледі.
Желіде «Боратқа» деген наразылық өршіп тұр. Оны жазалағысы келетін жастар аз емес. Осыған орай Қуат Хамитов «Боратты» ұрып масқаралаған адамға миллион доллар сыйақы беретінін айтты.
Егер кімде-кім «Боратты» басынан ұрып, оны масқаралап видеоға түсірсе, сол адамға жеке менің және достарымның атынан миллион доллар, - деді Қуат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылда су үнемдеу технологиясы 30 мың гектарға орнатылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы