Қуат Хамитов Американы бағындырғысы келетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов (20-7-1) Instagram әлеуметтік желісінде алдағы жекпе-жегінен кейінгі жоспарымен бөлісті.
Осы жекпе-жектен соң Батысқа, Америкаға аттанғым келеді. Жаңа елдерді бағындыруға уақыт келді – Bellator ма, UFC ме бәрібір. Қыркүйек-қазан, сол жаққа жол жүреміз... Сондықтан бізге сәттілік тілеп қойыңыздар! – деп жазды спортшы Instagram желісіндегі парақшасында.
Қуат Хамитовтің келесі қарсыласы украиналық Антон Радько (12-6) болуы қажет еді. Алайда ол жекпе-жектен бас тартты. Оның орнына октагонға ресейлік Роман Головинов (10-4-0) шығады. Кездесу 19 маусымда Атырауда өтеді.
Еске салайық, Қуат Хамитов кейінгі жекпе-жегін қаңтарда Магнитогорскіде өткізіп, ресейлік Максим Пантелеевті бірінші раундта нокатуқа түсірген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үндістанда тағы бір кесел тарап барады
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы