Куала-Лумпурда ерекше дәмхана ашылды

Мұндағы қонақтар өздерін шағын зообақта жүргендей сезіне алады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24 KZ арнасына сілтеме жасап.

Келушілер жылан, кесіртке, игуана сынды қоректілерді бақылап отырып, ас ішеді. Жорғалағыштарды ұстап көруге де болады. Дәмхана қожайыны оларды көп жыл бойы жалғыз өзі жинап, өсіргенін айтады. 

Ал Үндістанның Индор қаласының бір тұрғыны иттерге арналған дәмхана ашты. Оған мұндай идея коронавирус пандемиясы кезінде келген. Індеттен адамдардың төртаяқты достарын тамақтандыра алмай қиналғанын көрген азамат осындай қоғамдық тамақтану орнын ашуды ұйғарған екен. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: 24KZ
Өзгелердің жаңалығы