ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теміржолшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартудың арнайы бағдарламасын іске қосады.
Бүгін өткен кеңейтілген кеңесте компанияның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев бұл маңызды мәселе екенін атап өтті.
Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты қолдау мақсатында біз үшін қызметкерлердің еңбек жағдайларының тиісті деңгейін қамтамасыз ету маңызды мәселе, - деп атап ол.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ әрқашанда өз қызметкерлеріне кең ауқымды жеңілдіктерді қамтитын әлеуметтік пакет ұсынып келеді. Осы мақсатқа арналған бюджет жыл сайын ұлғайып отыр.
Қызметкерлердің құқығын қорғау, еңбекақы төлеу, еңбекті қорғау, басқа да әлеуметтік кепілдіктер ұжымдық келісімшартпен бекітілген.
Бүгінгі кеңейтілген кеңесте айтылғандай, қызметкерлерге уақытылы қосымша ақылар мен үстемеақыларға, сапалы арнайы киіммен қамтамасыз етуге, қолайлы еңбек жағдайларын жасауға ерекше назар аудару қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы