ҚТЖ-ның өңірлік басшылары күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан магистральдық темір жол желісі ірі операторының басшылары бопсалаушылық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер вагондарды кедергісіз өткізгені үшін пара беруге мәжбүр болған. Мұндай жағдайлар Шымкент, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қызылорда және Павлодар облыстарында тоқтатылды.

Олар ұйымдастырған қылмыстық схемалар заңсыз байытуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге пара сомасы жүз мыңнан бес миллионға дейін өзгерді. Жалпы сома ондаған миллион теңгеге жетті, - деді Данияр Биғайдаров.

Өткен жылы Алматы облысында басшының орынбасары жүктердің кедергісіз өтуі үшін тұрақты түрде 50-200 мың теңге алып отырған. Сонымен қатар, кәсіпкерлер қамқорлық пен мәселелерді оң шешкені үшін пара беруге мәжбүр болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы