ҚТЖ-ның 83 мыңнан астам қызметкері екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы аптада «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да COVID-19-дан 1400 қызметкерге вакцина салынды. 

Осылайша, компанияның екпе алған қызметкерлерінің жалпы саны 83 мыңнан асты.

Өңірлер бойынша екінші апта қатарынан алғашқы бестікте Көкшетау, Орал, Қызылорда, Шымкент және Тараз қалуда. Бұл ретте Көкшетауда теміржолшылардың 98,9%-ы екпе алды.

Толықтай алғанда, компания бойынша екпенің бірінші компонентін алғандардың жалпы көрсеткіші 75,5%, екіншісі 67,2% құрады, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцинаның үш түрі бар – қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармацевтикалық кешенінің Vero Cell, ресейлік «Спутник V». Әрбір теміржолшы екпені өз қалауы бойынша таңдайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы