ҚТЖ Маңғыстауға 15 вагон шөп жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаш және Арыс станцияларында вагондарға шөп тиеу ісі қарқын алды.
17 шілдедегі ақпарат бойынша, Маңғыстау облысына 33 вагон нығыздалған шөп жіберілген. Оның ішінде 15 вагонды «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ беріп отыр.
Мал азығын жіберу ҚТЖ серіктестері «Шынгар Транс» ЖШС, «ПроммашKZ» ЖШС, «Integra Construction KZ» ЖШС, «Бастау Транс» ЖШС, «Актюбинский рельсобалочный завод» ЖШС қаржылай қолдауымен жүзеге асты. Оған қоса тағы 7 вагон жүк тиеуге дайын тұр. Оларды жөнелту ертеңге жоспарланған – делінген ҚТЖ таратқан ақпаратта.
Қосымша вагондарға өтініштер әлі де көбеюі мүмкін. ҚТЖ ҰК көлікпен қамтамасыз ету мен жүкті жөнелту мәселесін өтініштердің санына қарай біртіндеп шешіп отырады. Вагондардың станцияларда тұрғаны үшін ешқанда ақы алынбайды, басқа да әлеуметтік жеңілдіктерді пайдалана алады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚТЖ Маңғыстауға жеткізілетін жем-шөпті тегін тасымалдауға шешім шығарған болатын.