ҚТЖ филиалдарының бірінің департамент басшысы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша «ҚТЖ» «ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Жол және құрылыстар департаментінің директорын ұстады. Ол ұзақ уақыт бойы жүйелі негізде қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін аумақтық бөлімшелердің басшыларынан ақшалай қаражат алған, - делінген хабарламада.
Барлығы 5 млн теңгеден астам қаражат алынды. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шығысқазақстандық агрономдар дақылдың жаңа түрін өсіріп жатыр
Өзгелердің жаңалығы