Ақтөбелік полиция құжаттары жоқ БТР-60 бронетранспортерін тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік полиция құжаттары жоқ БТР-60 бронетранспортерін тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Құқықтық тәртіп жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ЭҚІҚБ қызметкерлері  Россовхоз кентіндегі карьердің аумағында қандай да бір белгілері мен құжаттары жоқ БТР-60 бронетранспортерін тапты. 

Ол заттың карьердің инженеріне тиесілі екендігі анықталды. Ер адам БТР-ны шамамен 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алғанын және қажетсіз болғандықтан сатпақ болғанын айтты. Материал ҚР ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді, тергеу жүргізілуде. БТР (бронетранспортер) Ақтөбе қаласындағы коммуналдық автотұраққа қойылды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы