КТК кеңсесі дрон шабуылынан зақымданды: жарақат алғандар бар

24 қыркүйек күні күндіз Новороссийск қаласының орталығына жасалған дрон шабуылы салдарынан «КТК-Р» мұнай тасымалдаушы компаниясының кеңсесі зақымданып, екі қызметкер жарақат алды. Кеңсе жұмысы уақытша тоқтатылып, төтенше қызметтер залалды бағалап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Interfax агенттігіне сілтеме жасап.

Шабуыл кезінде соққы тек тұрғын үйлер мен қонақүйге ғана емес, сонымен қатар мұнай тасымалдаушы компания кеңсесі орналасқан әкімшілік ғимаратқа да тиген. Шабуыл сәтінде ішінде қызметкерлер болған, соның нәтижесінде КТК-ның екі қызметкері әртүрлі деңгейдегі жарақат алды. Олар дереу ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға байланысты кеңсенің жұмысы уақытша тоқтатылып, барлық қызметкерлер шұғыл эвакуацияланды. Компания ішкі залалды бағалап, төтенше қызметтермен бірлесіп әрекет етіп жатыр.

Алдын ала деректер бойынша, ғимарат ішінде компания қызметіне қатысы жоқ ауыр жараланғандар да бар.

Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьев дрондар Новороссийск қаласының орталығына соққы бергенін, салдарынан екі адамның қаза тауып, тағы үш адамның жарақат алғанын хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы