КТК-ға жасалған шабуыл: Сарапшы мәселені шешудің балама жолын ұсынды

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) айналасындағы жағдай Қазақстанның мұнай экспортындағы ең әлсіз тұсты айқын көрсетіп отыр. Бұл туралы Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағы президиумының төрағасы Рашид Жақсылықов BAQ.KZ тілшісіне берген эклюзив сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, КҚК-ға қатысты белгісіздік пен тәуекелдер ұзақ уақыттан бері сала өкілдерін алаңдатып келеді.

Каспий құбыр консорциумы мәселесіне келсек, бұл мазасыздық әбден титықтатты. Қазір алға қарай дамытамыз ба, әлде біржола жауып тастаймыз ба, соны білмей отырмыз. Өйткені жобаға қыруар қаржы салынған, – дейді ол.

Сарапшы КҚК тарихына тоқталып, жобаның бастамашысы Қазақстан болғанын еске салды.

Құбыр Қазақстанның бастамасымен салынған. Оның өткізу қуаты – 80 млн тонна. Бастапқыда оның 60 млн тоннасы Қазақстанға, 20 млн тоннасы Ресей тарапына тиесілі болуға тиіс еді, – дейді Рашид Жақсылықов.

Осы орайда ол КҚК-ға қатысты балама шешім ұсынды. Оның пікірінше, Қазақстан консорциумды жекешелендіріп алуға немесе ұзақ мерзімге жалға алуға тиіс.

Егер құбырды өзіміздің бақылауға алсақ, Украина тарапынан КҚК-ға соққы жасалмайды. Қазақстан мен Украина арасында ешқандай кикілжің жоқ. Сондықтан мен ұсынып отырған нұсқа – КҚК-ны 10-15 жылға жалға алу. Бұл ретсіз тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді, – дейді сарапшы.

Эклюзив сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден тыңдай аласыздар. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы