Ксения Собчакпен суретте салмағым 135 келі болатын, қазір арықтадым – "СҚ-Фармация" басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "СҚ-Фармация" ЖШС басшысы Ерхат Есқалиев әлеуметтік желіде тарап кеткен ресейлік тележүргізуші Ксения Собчакпен бірге түскен фотосына қатысты түсінік берді.

Пандемия кезінде халықты дәрі-дәрмекпен дұрыс қамтамасыз ете алмаған "СҚ-Фармация" компаниясының басшысы өткен шілде айында ауысқан еді. Президент Тоқаев басшы деген: "Более делового и менее гламурного" болу керек деген еді. Бірақ  "СҚ-Фармацияың" басшысы Ерхат Есқалиевтің іскерлік қабілетіне әзірге баға беруге ерте шығар, бірақ "гламур" екендігі тағайындалғаны күнгі әлеуметтік желідегі суреттен-ақ байқағанбыз.

Оның әйелімен бірге Ресейдің танымал тележұлдызы Ксения Собчакпен бірге түскен суреті қоғамда қызу пікірталас туғызды. Бүгін БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізген компания басшысы әлеуметтік желіде жиі талқыланған осы суретке қатысты пікір білдірді.
Биыл сәуірде сіздің Instagram парақшаңызда жұбайыңыз бен Ксения Собчакпен түскен сурет жарияланды. Кейін Instagram парақша жойылды. Бүкіл ел төтенше жағдай режимінде отырғанда сіз банкеттен сурет жарияладыңыз, осыны қалай түсіндіре аласыз? - деп сұрады журналистердің бірі.
Өз кезегінде Есқалиев бұл сурет осыдан жеті жыл бұрын түсірілгенін айтты.
Бұл сурет осыдан жеті жыл бұрын түсірілген. Ол кезде салмағым 135 келі еді, қазір 105 келімін. Өйткені, ауыр отадан кейін арықтадым. Фото расымен де биыл төтенше жағдай кезінде, карантин уақытында әлеуметтік желіге салынды. Карантинде үйде отырғандықтан, салдық. Жалпы, ол осыдан жеті жыл бұрын танымал адаммен естелік суретке түсейін деген ниеттен туған, - деді Есқалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы