Круизге кеткен жолаушылардан коронавирус анықталды

Гренландияға круиздік лайнер арқылы саяхатқа кеткен жолаушылардан бірінен коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

СNN таратқан мәліметке сәйкес, Ocean Explorer кемесінің бортында 206 жолаушы мен экипаж мүшелері бар. Кеме осы аптаның басында Гренландияның алыс жағалауына барып тоқтаған. Енді сол жерде бірнеше күнге аялдап қалу қаупі бар.

Aurora Expeditions кемесі операторының деректері бойынша вирус жұқтырған жолаушылар қазіргі уақытта оқшауланған. Қалған дені сау жолаушылар қауіпсіз жерде екендігі айтылған.

Жолаушыларға, кемеге немесе қоршаған ортаға тікелей қауіп төнбеуі маңызды, - делінген Aurora Expeditions хабарламасында.

Бұл оқиғадан соң «Кнуд Расмуссен» атауына ие инспекциялық кеме көмекке аттанды. Бірақ оған круиздік лайнерге жету үшін 2 222 шақырымнан артық жол жүруге тура келеді.

Белгілі болғандай, круиздік лайнер әлемнің ең алыс жерлеріне экспедициялық саяхат үшін арнайы жасалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы