Кеше 2026, 22:48
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Тоқаев жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Кристина Шумекованы құттықтады
Мемлекет басшысы Кристина Шумекованың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
Мемлекет басшысы жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден өткен әлем біріншілігінде тамаша өнер көрсеткен Кристина Шумековаға құттықтау жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының үш алтын медаль жеңіп алып, абсолютті әлем чемпионы атануын отандық спорт тарихындағы ерекше оқиға ретінде бағалады.
Президенттің айтуынша, мұндай жоғары жетістік – табиғи талант пен табанды еңбектің, темірдей тәртіп пен жеңіске деген мұқалмас жігердің жемісі.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Кристина Шумекованың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.