Кристина Овчинникова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Жеңіл атлетикадан қазақстандық Кристина Овчинникова биіктікке секіруден Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада Кристина Овчинникова жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Спортшы биіктігі 186 сантиметрге секірді.

Екінші орын тағы бір қазақстандық Елизавета Матвееваға бұйырды. Ол 186 сантиметрді бағындырғанымен, бірнеше мүмкіндігін пайдалануға тура келді.

Үшінші орынға 183 сантиметр көрсеткішпен өзбекстандық Светлана Радзивил жайғасты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы