Криштиану Роналду тағы бір ерекше жетістікке қол жеткізді

12 қазанда Ұлттар лигасының топтық кезеңінің 3-туры аясындағы Польша - Португалия матчы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу 3:1 есебімен Португалия құрамасының жеңісімен аяқталды.

Криштиану Роналду Португалия құрамасының қақпасына гол соқты. Ол үшін бұл ұлттық құрамадағы 100-ші жеңісі болды.

Осылайша, Роналду ұлттық құрама сапында ресми матчтарда 100 жеңіске жеткен тарихтағы алғашқы футболшы болды.

Сонымен қатар, ол жолдастық кездесулерді қоса алғанда, жеңістер саны бойынша Серхио Рамостың рекордын қайталады - 131.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы