Криштиану Роналду қонақ үй салуды жоспарлап отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ювентус" футболшысы Криштиану Роналду лиссабондық Ривьерде жер теліміне ие болды. Бұл туралы kursiv.kz Vidas Correio da Manhã-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, қазіргі заманғы ең үздік футболшылардың бірі жеке қаражатты жылжымайтын мүлікке салуды жалғастыруда. Өткен жылы ол Португалияның ең қымбат пәтерін сатып алып, оған 7,5 млн еуро төлесе, жақында Кашкайш курорттық ауданының да жер иесі болып, оған 8 млн еуроға жуық қаржы салған."Ювентус" плеймейкері 10 мың шаршы метрге жуық жер телімін тұрғын үй ретінде пайдаланбайды екен. Роналду оған жағажайы бар элиталық қонақ үй салуды жоспарлап отыр.
Бұл – ол ойнауды тоқтатқанда өмір сүретін үй емес, инвестиция, – деп хабарлайды басылым.Дегенмен, Криштиану бизнес-империясында бәрі дұрыс деп айту қиын. Жақында Роналду Лиссабонда CR7 киім дүкендерінің бірін жабуға мәжбүр болды. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша ол үлкен шығын әкелді. Себебі келушілердің көбі дүкенге сатып алу үшін емес, тек суретке түсу үшін келеді екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қорытынды аттестаттау және дипломдық жұмыс онлайн форматта өтеді
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы