Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» сапынан кетуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Манчестер Юнайтед» намысын қорғап жүрген Криштиану Роналду ағылшын клубынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сайт мәліметіне қарағанда, португалиялық футболшыға команданың көрсетіп жүрген нәтижесі ұнамайды. Спорттық карьерасының соңғы жылдарында Роналду Еуропа Лигасында ойнағысы келмейді. Маусым қорытындысы бойынша «қызыл сойқанда» ішкі чемпионатты алғашқы төрттікте аяқтамаса, басқа командамен келіссөздер жүргізуі мүмкін.
Қазіргі таңда МЮ Англия Премьер-Лигасында 17 ұпаймен алтыншы орында келеді.
Еске салайық, Криштиану Роналду жазғы трансферлік маусымда «Ювентус» сапынан ауысып келді. Өткен жылы ол Италияның А сериясында 29 гол соғып, үздік сұрмерген атанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Голливуд кинофестивалінде Qazaq: history of the golden men фильмінің музыкасы үздік атанды
Келесі жаңалық
Алматы қаласында металл қоймайсы өртенді
Өзгелердің жаңалығы