Криштиану Роналду көшбасшылыққа таласып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шабуылшы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» командасының жаңа капитаны болғысы келеді. Бұл туралы Daily Mail жазды.

«Манчестер Юнайтед»-те қазіргі таңда капитан болу үшін бәсекелестік орын алып жатқаны белгілі. 37 жастағы португалиялық спортшы бұл лауазымға дәмелі. Алайда қазіргі кааитан Харри Магуайр оған өз орнын бергісі келмейді. 

Роналду мен Магуайр жағдайды талқыға салып үлгерген. Ағылшындық қорғаушы маусымның соңына дейін капитандық даңқын бергісі келмейтінін жеткізген. Себебі оны мәңгілікке жоғалтып аламын деп қорқатын сыңайлы. 

«Қызыл әзәзілдердің» бас бапкері Ральф Рангник Криштианудың капитан болу идеясын қолдап отыр. Осылайша, неміс маманы соңғы матчтарда сәтсіз өнер көрсеткен Магуайрға көрсетілген қысымды алып тастағысы келеді. «МЮ»-дің көптеген ойыншылары Роналдуды капитан қылуды құптады. 

Айта кетерлігі, бұл маусымда Роналду 21 матчта ойнап, 9 гол соқты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы