17 Қаңтар 2023 2023, 21:26
Кремльдің ресми өкілі кезекті мобилизацияға қатысты сұраққа жауап берді
Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков Ресейдегі мобилизацияға қатысты қауесетке жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ TACC агенттігіне сілтеме жасап.
Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков Ресейдегі мобилизацияға қатысты қауесетке жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ TACC агенттігіне сілтеме жасап.
Иә, оны ( мобилизация туралы) – шетелден де, ел ішінен де жасанды түрде қозғап жүр. Мен сіздерге осы уақытқа дейін Президент Путиннің айтқан мәлімдемелерін еске түсіруді сұраймын, - деді Дмитрий Песков.
Еске сала кетейік, былтыр Ресейде ішінара мобилизация 21 қыркүйекте басталып, 28 қазанда аяқталды. Артынша Путин елдегі ішінара жұмылдыру жұмыстарының аяқталғанын ресми түрде растаған болатын.