Кремль Зеленскийдің Қазақстанда кездесу өткізу ұсынысына ресми жауап берді

Кремль Украина президенті Владимир Зеленскийдің Қазақстанда Владимир Путинмен кездесу өткізу ұсынысына пікір білдірді. Дмитрий Песковтың айтуынша, Ресей дайындықсыз келіссөзге келмейді және Путин тек Мәскеуде кездесу өткізуге әзір, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Зеленский Қазақстанды ықтимал кездесулер өтетін орындардың бірі ретінде атап өткен болатын. 

Дмитрий Песков 24 қыркүйекте Радио РБК-ға берген сұхбатында айтуынша, "Украин тарапынан ұсыныстар өте көп" және "бастапқыда әңгіме мүлде Қазақстан туралы болмаған, алдын-ала ұсынылған елдер Ресей үшін мүлдем қолайсыз болған". 

Ол сонымен бірге Мәскеуде келіссөз өткізу нұсқасына да тоқталды.

Біз бұл жерде Путиннің: "Жігіттер, кездескілерің келсе, Мәскеуге келіңдер. Біз барлық кепілдікті қамтамасыз етеміз" деген сөзіне сүйенеміз, – деп сөзін толықтырды Песков.

RIA Новости агенттігі хабарлағандай, Зеленский Мәскеуде кездесуден бас тартқанымен, "кез келген форматта" келіссөзге дайын екенін айтқан. 

Сонымен қатар, Песковтың пікірінше, кей елдер – Швейцария мен Австрия – кейінгі кезеңде Ресей үшін "бейтарап емес елдерге" айналған, сондықтан оларды кездесу орны ретінде қарастыру мүмкін емес. 

Кремльдің бұл мәлімдемесі Зеленскийдің ұсынысына ресми жауап ретінде қабылданады және жағдайдың дипломатиялық аспектілерін көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы