Кредиттік серіктестер жүйесі өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров кредиттік серіктестер жүйесін қайта қаралатынын айтты.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасының бірінші оқылымы өткен болатын.  

«Кредиттік серіктестер жүйесін қайта қарау көзделуде. Бүгінде барлық кредиттік серіктестіктер бір ғана қорландыру көзі – бюджетке тәуелді болып отыр. Қаржылдандырудың өзге көздерін тарту мүмкіндігі жоқ. Шындығында, кредиттік серіктестіктер қазір тығырыққа тірелді. Егер шара қолданбасақ, олар тоқырауға ұшырайды», - деп айтты Омаров.

Министр «Кредиттік серіктестіктер туралы» заңға кредиттік серіктестіктерге орталық несие серіктестігін құруға мүмкіндік беретін түзетулер енгізілетінін атап өтті. 

«Орталық кредиттік серіктестіктерге де кредиттік серіктестердің қызметін реттейтін жалпы талаптар қолданылатын болады. Кредиттік серіктестер, орталық кредиттік серіктестер қатысушыларды тарту үшін одан әрі құрылымды тұрақтандыру қорын құру көзделуде. Заң жобасымен кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу тәртібі мен мерзімін нақтылайтын түзетулер енгізіледі. Жоспарланып отырған өзгерістер кредиттік серіктестіктерге, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несие беру үшін бюджеттен тыс қосымша қаржы тартуға мүмкіндік береді», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы