Кредит мәселесі: Қарызы бар отбасыны үйінен шығаруға тыйым салынады
Кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылыту маусымында үйінен шығаруға тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ заңды таныстырғанда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салынған. Қарыз алушыларды қосымша қорғау үшін заң жобасында жылыту маусымында кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға қатысты да осындай тыйым салынады, - деді депутат.
Бұдан бөлек несиелер бойынша берешекті өндіріп алу кезінде қарыз алушының банк шотындағы ақша сомасын ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшеріне дейін ұлғайту көзделген. Биыл бұл сома 86 814 теңгені құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Енді қарызын 90 күн бойы өтемей жүргендерге кредит берілмейді
Өзгелердің жаңалығы