"Креативтің шегі жоқ": Алматылық жігіт кеңсе орындығын самокатқа орнатып алды

Алматыда бір жігіт кеңсе орындығын самокатқа бекітіп алып, қала ішінде жүрген. Бұл ерекше көрініс әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аудартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы көшелерінің бірінде түсірілген бейнежазбада жас жігіт самокаттың артына кеңсе орындығын орнатып алып, зымырап бара жатады. Қарапайым самокатты өзгеше көлікке айналдырған алматылық азаматтың бұл әрекеті желіде "нағыз креатив" деп бағаланды.

Видеоны көрген қолданушылар түрлі пікірлер жазуда:

"Жұмысқа баруға ерінсең де, барасың!", "Бұл алматылық вайбтың нақты көрінісі", "Қала ішінде такси қымбаттап кеткен соң, өз шешімін тапқан сияқты", - деп жазуда пікір білдірушілер. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы