Красноярск өлкесімен алыс-беріс артады
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған делегация Ресейдің Красноярск өлкесінде жүр. Кеше екі аймақ басшыларының қатысуымен Красноярск өлкесі мен Абай облысы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
Біз мемлекеттік деңгейде де, бизнес деңгейінде де жұмыс істейміз. Соның нәтижесінде кем дегенде бір келісімшарт жасалса, бұның өзі біз үшін жақсы нәтиже,- дейді Нұрлан Ұранхаев.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі жақты кездесулер әлі жалғасуда.
Красноярск – орманды өлке. Біздің орманды қалпына келтіру бағытында мол тәжірибеміз бар. Өз серіктестерімізді көгалдандыру материалдарымен қамтамасыз етуге дайынбыз. Моңғолияға жіберіп те қойдық. Қазақстан да өнімдерімізді алады деп ойлаймыз,- дейді Красноярск өлкесінің губернаторы Александр Ус.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биатлоннан Әлем чемпионаты басталды
Өзгелердің жаңалығы