ҚР Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2009-2015 жылдары ҚР индустрия және сауда, инвестициялар және даму министрліктерінде жұмыс істеді.
2015-2016 жылдары Павлодар облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2016-2018 жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасының басшысы болды.
2018-2019 жылдары — Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы.
2019-2020 жылдары — «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ («Қазақстандық индустрияны дамыту институты») басқарма төрағасы.
2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.