18 Қазан 2020 2020, 19:49
ҚР СІМ Әзербайжан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Әзербайжан Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы министрліктің твиттердегі парақшасында жарияланды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Әзербайжан Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы министрліктің твиттердегі парақшасында жарияланды.
Құрметті әріптестер, бауырлас Әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Гүлдену мен өркендеу тілейміз! - делінген еліміздің сыртқы саяси вдеомствосының Twitter парақшасындағы хабарламада.
Айта кетейік, бүгін - Әзербайжан елінің Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылы 18 қазанда «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі» конституциялық шарт қабылданған.