ҚР ІІМ Өзбекстан Ұлттық ұланымен ынтымақтастық келісіміне қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Республикасы Ұлттық ұланының қолбасшысы Рустам Джураевпен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ оларды одан әрі дамыту жайы талқыланды. Қазақстан Ішкі істер министрлігі мен Өзбекстан Ұлттық ұланы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Осы халықаралық шарт екі ведомствоның қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризмге қарсы операциялар жүргізу, сондай-ақ кадрлар даярлау саласындағы өзара іс-қимылы үшін құқықтық негіз болады.

Кездесуге қатысқан екі тарап қол қойылған келісім екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенім білдірді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы