КҚК жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр - Әлихан Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов  Каспий құбыр консорциумы мұнай құбырының штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлім етті.

Қазір барлық жерде инфляция деңгейі көтерілді. Біз күнделікті мониторинг жүргізіп, тиісті қабылдап отырмыз. Сонымен бірге сауда-саттыққа және логистикаға қатысты мәселелер туындап отыр. Мысалы,  КҚК Новосибирск  бойынша Новосибирск ауданының соты құбыр жұмысына 1 айға шектеу қойды. 6 шілде күні біз ресейлік әріптесімізбен бірге Үкімет төрғасымен байланысып, сол күні мәселені шештік. КҚК жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр. Мұнай экспортына ешқандай шектеу қойылып отырған жоқ. Мұндай мәселелер күнделікті туындайды. Мәселені шешу үшін көршілес елдердің  Үкімет басшыларымен тығыз байланыстамыз, - деді Әлихан Смайылов «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында.

Еске салайық, бүгін Әлихан Смайылов «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында бүгінгі күннің өзекті мәселелері – азық-түлік бағасын тұрақтандыру мен азаматтарды жұмыспен қамту бойынша атқарылып жатқан шаралар, баспана бағасы мен әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты сауалдарға жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы