Көзі ашық, көкірегі ояу жастардың көптігіне қуанамын – Олжас Сүлейменов
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Олжас Сүлейменов «Рухтастар cases» диалог алаңында өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен керемет кездесудің куәсі болдық. Ең бастысы, жиынның ресми форматта емес, өте ашық диалог ретінде өткені көңіл қуантады. Өйткені жастармен сөйлескенде шынайы, ашық сөйлесу керек. Шынайылық болмаса, жастар сезеді. Олар шынайылық жоқ кездесуден шаршаған да шығар. Біздің кезеңде ондай нәрселерге алдана салу оңайырақ еді. Қазір жас ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу. Сондай жастармен кездескеніме өте қуаныштымын, - деп ағынан жарылды Олжас Сүлейменов.
Айтуынша, заман ағымына сай жастар ынталандыратын дүниелерді көп іздейді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Синегерия университетінің қазақстандық өкілдігінің бас директоры Бауыржан Қасымбергебаев жас кәсіпкерлерге елімізде үлкен қолдау көрсетіліп отырғаны туралы айтқан болатын. Кәсіпкер мұндай қолдау Орта Азияда жоқтың қасы деп баға берді.