Қожа Ахмет Яссауидің қырғыздарға да қатысы бар – Садыр Жапаров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қожа Ахмет Яссауидің тарихы қырғыздарға байланысты деп айтты.
Біз өте ежелгі, танымал Түркістан қаласы туралы білдік. Бұл қала түркі әлемі мәдениетінің символы. Түркі тілдес елдердің тарихына алтын әріптермен жазылған Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауидің есімдерімен де байланысты. Қожа Ахмет Яссауидің тарихы қырғыздарға қатысты. Кейбір зерттеулерде Ахмет Яссауи Үзгенттен болған делінген. Яссауи Үзгент қаласынан Түркістанға келген деген деректер бар. Бұл қала ғылым мен білім орталығы ретінде танымал жер, - деді Садыр Жапаров Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде.
Ол қазіргі кезде әлем пандемиядан зардап шегіп жатқанын, әлем және барлығымыз өзгергенімізді айтты.
«Жалғыз талдан орман шықпайды» деген қырғыздың дана сөзі бар. Біз індетті түркі тілдес мемлекеттермен бірігіп жеңе аламыз. Бүгін Түркі кеңесі біздің елдеріміздің интеграциямыздың ірі платформасына айналды. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен үлес қосты. Қырғыз тарапы интеграция платформасы туралы құжатты толық қолайды. Келесі кездесуде ол құжат толық қабылданады деп ойлаймын, - деді Қырғыз Президенті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әзербайжан Президенті Қазақстанға алғысын білдірді
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы