Козачков ісі. Тоқаевқа үндеу жолданды
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады. Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті. Қазақстан азаматы ретінде ұсталған журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс, - деді Президенттің баспасөз хатшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландырудағы өзгерістер
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы