Козачков ісі. Бас прокуратура уәде берді

Мәжілістің кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Михаил Козачков ісі барынша ашық, объективті жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің Бас прокурорға берген тапсырмасына сәйкес бүгінде істі жүргізетін топ пен прокурорға қоғамдық ұйымдардың және адвокаттардың барлық дәлелі мен өтінішін толық зерделеу тапсырылғанын айта кеткім келеді. Бұл топ осы мәселелер бойынша жұмыс істеп жатыр. Биыл 18 желтоқсанда ҚМА журналист Михаил Козачковты бірқатар қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Сол күні жұбайының қатысуымен тінту жүргізілді. Соттың санкциясы бойынша тінту куәгерлердің қатысуымен өтті. Үйді тінту процесі видеоға түсірілді. Қазір бұл қылмыстық істі қадағалауды Алматы қаласының прокуратурасы жүргізеді, - деп айтты Өмірәлиев.

Оның сөзінше, сондай-ақ Бас прокурор арнайы прокурорлар тобына мән-жайдың барлығын барынша объективті, ашық түрде зерттеу жөнінде нақты тапсырма берген.

Ертеңгі брифингте Бас прокуратура қабылдаған шешім туралы хабарлайтын шығармыз, - деп жауап берді ол.

Айта кетейік, ертең, 22 желтоқсан күні Бас прокуратура елдегі мәселелер бойынша жүргізіп жатқан жұмысқа қатысты баспасөз конференциясын өткізеді.

Еске сала кетейік, 18 желтоқсан күні Қаржылық мониторинг агенттігі Михаил Козачковты ұстады. Ол Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алу жасауға көмектескен деген күдікке ілінді.

19 желтоқсан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы