Қояндыдағы су тасқыны салдарын жоюға 3 облыс құтқарушылары жұмылдырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордаға жақын орналасқан Целиноград ауданының Қоянды ауылында Ақмола, Павлодар облыстарының, Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар аула маңы аумақтардан еріген қар суын сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.
ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, олардың жалпы саны 50 адам, 12 бірлік техника, 10 мотопомпа. Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс жасауда.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде Қоянды ауылында су тасқыны жағдайы тұрақтанды. Қазіргі уақытта су басқан үй жоқ, - дейді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Бұдан өзге Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл ауылдарында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде.
Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев төтенше жағдай орнында жүр.
5 сәуірден бері Қоянды ауылында 750763 текше метр еріген қар суы сорылды. 5200 метр су бұру арналары мен арықтар тазартылды және қалыпқа келтірілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық жобасы Түркия қолдау көрсетеді
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы