Қосымша құн салығы кәсіпкерлерге одақ шеңберінде тауар алмасуға кедергі емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Брифинг барысында министр БАҚ өкілінің Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында қосымша құн салығының әр түрлі болуы кәсіпкерлерге тауар алмасу үшін кедергі келтіруде және Қазақстан үшін нақты қай ел мәселе туындатып отыр деген сауалына жауап берді.
Еуразиялық экономикалық елдер арасында қосымша құн салығына байлынысты ортақ индикаторлар бар. Мысалы Қазақстанда экспорттық, импорттық операциялар үшін алты мыңға жуық бағалардың индикаторы жүйеге енгізілсе, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде 700-ден аса индикторлар белгіленген. Біз үшін, жалпы кәсіпкерлерімізді қолдау үшін баға индекторларының көп болғаны және бағаның бірдей болғаны тиімді. Қазір біз осы бағытта жұмысты қолға алдық. Егер сол индикторлар қандай да бір кедергі келтіріп отырғаны жайлы фактілеріңіз болса министрілікке жүгінуіңізді өтінеміз. Біз бұл мәселені одақ көлемінде көтеруге дайынбыз. Әзірге қосымша құн салығының немесе баға индикторларының кәсіпкерлерге тауар алмасуға кедергі келтіріп жатыр деп айта алмаймыз, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдында есеп беріп, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындары туралы айтып берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Енді жолаушылар «Нұрлы жол» вокзалына Ashyq арқылы ғана кіреді
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы