Қостанайдағы машина жасау саласының қарқыны қалай болып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдің машина жасау саласындағы қарқынына тоқталды.
Облыстың экономикалық өсімінің драйвері болып саналатын машина жасау саласына жеке тоқталған жөн. Машина жасау үлесі өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 38,5%-ын құрайды. Қатардағы жұмыс өндірісі 2,1 есеге, тракторлар өндірісі 2,5 есеге, комбайндар өндірісі 2,4%-ға, жеңіл автомобильдер өндірісі 43,3%-ға ұлғайды. Автоөнеркәсіпте наурыздан бастап KIA маркалы автомобильдерді құрастыру басталды (3 192 бірлік жиналды). Келісімнің соңғы сатысында – Renault автомобильдері бар, - деді әкім ОКҚ-да өткен баспасөз мәжілісінде.
Оның айтуынша, JAC концерні автомобильдерді локализациялау мен өндіруді дамытуға шамамен $10 млн инвестициялауды жоспарлап отыр.
«СарыарқаАвтоПром» ЖШС конвейерінен барлығы – 19 779 бірлік шығып, оның 1 672 автокөлігі экспортқа жіберілді. Биыл 60 мың автомобиль құрастыру жоспарланған. Олардың шамамен 18 мың бірлігі экспортқа шығарылады, - деді Архимед Мұхамбетов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы