Қостанайда жеке үй өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай қаласында тұрғын үй өртеніп кетті. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазан күні сағат 23:40 шамасында кезекші бөлімге Қостанай көшесіндегі тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Үйдің кіреберісі, дәлізі, екі бөлмесі, жиһаз және электр техникасы жанып кетті. Төбе жабынын қоса есептегенде жалпы ауданы 100 шаршы метр аумақ өртенді. Өрт 02 сағат 07 минутта сөндірілді. Сөндіруге екі өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 9 адамы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД мамандары өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Оқиға орнында сынақ зертханасының қызметкерлері жұмыс істеуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы